BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе әуежайының жұмысы жанданды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешіміне сәйкес Ақтөбе әуежайы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап жұмысын қайта бастайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бұрын орындалатын барлық ішкі және халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Әуе билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық мәселелер бойынша оларды сатып алған жерге хабарласу қажет екенін естеріңізге саламыз», – деп жазылған әуежайдың Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада биыл Ақтөбеден жаңа әуе бағыттарын ашу жалғасатыны айтылған.

Бұған дейін аталған әуежайдың 2 аптаға жабылатыны хабарланды. Әуежайыдың ұшу-қону алаңы зақымданып, басқарма төрағасы Дастан Малиев жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button