BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысының театр қызметкерлері кәсіби мерекеде сыйлықтармен марапатталды

27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні Қарағанды облысының 30 театр қызметкері мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. К. С. Станиславский театрының әртістері әріптестеріне арнап әзіл-сықақ скетч дайындады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

– Пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін біз биыл Дүниежүзілік театр күнін офлайн режимде атап өтеміз. Мерекеде біздің облыстың барлық бес театрының өкілдері – С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған театры, Теміртау БЖТ, АМКТ, С. Сейфуллин атындағы тетар және біздікі, – дейді К. С. Станиславский атындағы театр жетекшісі Дунай Еспаев.

– Бұл мереке біз үшін ерекше. Ол 1961 жылы құрылған. Содан бері ұлттық орындаушылық өнер шын мәнінде әлемдік деңгейге шықты. Театрымыздың 86%-ы – жастар. Бұл, сөзсіз, үлкен үміт, – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актері Кеңес Жұмабеков.

Театр қызметкерлерін мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Марапатталғандар арасында:

– Мақпал Сопақова, Маржан Ахметова, Артем Аманжолов, Бауыржан Нұрмағамбетов, Меруерт Жұмкешова – С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры;

– С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры – Жәнібек Арыстамбеков, Әйгерім Бергенова, Сәлімжан Өкеш, Сандуғаш Өтепова, Назымбек Анапияев;

– Сержан Жақашов, Любовь Костюкевич, Ксения Никульча, Валерия Горюнова, Наталья Мудрова, Петр Зизяк, Александр Трофимов және Вера Шуляк – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры;

– Александр Ляпнев, Екатерина Варапницкайте, Татьяна Ушакова, Никита Колесов, Ирина Мальчихина – Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры;

– Дина Семененко, Алена Звонова, Жәміш Әлібекова, Валентина Богомазова, Анастасия Слащева, Ольга Мальцева, Ирина Базарбаева-Цветкова – К. С. Станиславский атындағы Халықтар Достығы орденінің Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры.

– Мен С. Қожамқұлов атындағы театрда 20 жылдан астам жұмыс істеймін. Жоғары санатты актёрмін. Біздің еңбегімізді бағалағап жатқанына өте қуаныштымыз. 20 жыл ішінде театрда көптеген рөлдерді, соның ішінде басты рөлдерді ойнадым. Мен театрға кездейсоқ келдім. Әскерден кейін немен айналыссам екен деп ойладым. Дәл сол уақытта біздің қаламызда театр студиясы ашылды. Ол жерде оқуға барып, сол беті өнерде қалдым. Театрымызда жоспарлар өте көп, премьералар дайындалуда, – деп бөлісті актер Жәнібек Арыстанбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button