Барлық санаттағы қарағандылықтар Pfizer препаратымен Covid-19-ға қарсы вакцина ала алады

Қарағанды облысында халықтың барлық санаттарына «Комирнати» (Pfizer) препаратымен вакцинация және ревакцинация қолжетімді болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Егуді 12 және одан жоғары жастан асқандарға алуға болады, оның ішінде ол Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетелдік азаматтарға қолжетімді.
«Аталған препаратпен вакцинация орталықтарында екпе алуға болады (вакцина мөлшері жеткілікті). Қазіргі уақытта аймақта вакцинация және ревакцинация процедурасы сондай-ақ Vero Cell препаратын (Sinofarm шығарған) қолдану арқылы жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда «Комирнатидің» бірінші компонентін 36 838 адам алды. Толық курстан өңірдің 28 926 тұрғыны өтті.



