BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы 10 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы бірден 10 теңгеге төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 10,13 теңгеге төмендеп, 473,61 теңге болды. Айта кетейік, 29 наурыздағы доллардың ресми бағамы 484,49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 467,43 теңге, сату – 473,06 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 466,67 теңгеден сатып алынып, 472,08 теңгеден сатылып жатыр.



