Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Шымкенттегі кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Хабар 24 мәліметінше, Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған.
Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған.
«Арадағы келісім-шарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетіндер шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр», – дейді кәсіпорын өкілдері.
Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді.
«Өндірушілер, СБК-лар әр кәсіпорынға бір вагон сатуға ғана лимит қойып қойған. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол тіпті 1% қамтамасыз етпейді. Біздің қуатымызбен айына 10 вагонға дейін өндіріп, шығаруға болады. Бұл – 200-250 мың бума», – деді кәсіпорын басшысының орынбасары Қанат Әлімбаев.



