BasNewsЖаңалықтар
Қарағандыда кенші қаза тапты

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты.
«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының 1986 жылы туған қызметкері көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», — деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.