BasNewsЖаңалықтар

Пәкістан үкіметі отставкаға кетті

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан министрлер кабинетін таратып жіберді. Бұл туралы ақпарат және телерадио хабар таратудың мемлекеттік министрі Фаррух Хабиб мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Премьер-министр Конституцияның 224-бабына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырады. Министрлер кабинеті таратылды», – деп жазды министр Twitter-де.

Жексенбіде Пәкістан премьер-министрі Имран Хан президентке парламентті таратуды ұсынған болатын. Ол мәлімдемесін парламенттің бүгінгі отырысына төрағалық еткен Ұлттық ассамблеяның вице-спикері Касим Сури премьер-министр Имран Ханға сенімсіздік білдіруді қабылдамай, оны Конституцияның 5-бабына қайшы деп атағаннан кейін жасады.

«Ешқандай шетелдік күштің сайланған үкіметті қастандық арқылы құлатуға құқы жоқ», – деді Ұлттық ассамблеяның вице-спикері Касим Сури.

Back to top button