BasNewsЖаңалықтар
Қарағандыда 9 жастағы бала су каналына батып кетті

Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа 9 жасар бала батып, мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған. Шақыртуға келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін су ағатын арықтан алып шықты», – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.
https://www.instagram.com/p/Cb42NcTqfyt/