BasNewsЖаңалықтар
Қытайда омикронның тағы бір түрі табылды

Қалалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, BA.1.1 деп аталатын омикрон штаммының жаңа нұсқасы 28 наурыз күні Цзянсу провинциясындағы Сучжоу қаласынан анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі 9News басылымына сілтеме жасап.
Сучжоу қаласындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы пайда болған жаңа нұсқа туралы көбірек білу үшін талдау және салыстыру жұмыстарына уақыт қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, омикрон шттаммы ең алғаш 2021 жылы Оңтүстік Африка мен Ботсванада анықталып, оған B.1.1.529 деген атау берілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде 487 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 6,1 миллионнан астамы қайтыс болды.