BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы 473 теңгеден асты

Доллар бағамы 473 теңгеден асты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Таңертеңгілік сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге көтеріліп, 473,66 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2-4 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 472,56 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 471,81 теңге, сату – 476,73 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,17 теңгеден сатып алынып, 475,69 теңгеден сатылып жатыр.