ШҚО-да жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті

Вагондардың бір бөлігі Ертіс өзеніне құлаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шығыс Қазақстан облысының Өскемен — Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі», — деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», -деп жазады компанияның баспасөз қызметі.