Пікір

Президент Жолдауы-2022: Халықтың пікірі қандай

«Жер-судың аты- тарихтың хаты» демей ме, дана халқымыз. Кең байтақ қазақ жері жаңа облыстармен толығатын болды. Ел Президенті Жолдауда  жаңадан құрылатын облыстардың атауларын еліміздің біртуар тұлғаларының есімімен, қасиетті өлкелердің тарихымен байланыстыра мазмұндады.  Осы ретте киелі Семей аймағын «Абай облысы», кенге бай Жезқазған аймағын «Ұлытау облысы», жер жанатты «Жетісу облысы» аталуының өзінде терең логикалық мағына бар. Президент «Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», деді. Мемлекет басшының бұл шешімін барша отандастарымыз жылы қабылдады. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын оңтайландыру,  адами капиталдың әл ауқаты мен тұрмысын жақсартуға бұл шешімдер үлкен мүмкіндіктер ашады. Жаңа Қазақстан көкжиегінде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының қадамдары құтты болсын!

Айгүл Сейлхан, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті, филология ғылымдарының докторы

 

Back to top button
Close