BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1 теңгеге төмендеп, 462,22 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 6 сәуірдегі ресми бағамы – 462,91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 464,57 теңге, сатылым – 467,28 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 465,10 теңгеден сатып алады, 467,47 теңгеден сатады.