Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

РМК еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндіз 9 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 9-11 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Қызылорда облысының орталығында түнде шаңды дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүк-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағандыда түнде тұман күтіледі.