BasNewsЖаңалықтарПікір

Алмас Тоқабаев: Теңге құнсызданса не қымбаттайды?

Теңге құны түскенде бірден бағасы өсетін үштік:

1. Тұрмыстық және кеңселік техника. Барлығы сырттан валютаға келеді. Әсіресе компьютер бағасы бірден шарықтайды. Себебі ол жылдам жаңарады, сондықтан алдын ала тапсырыс берілмейді.
2. Өсімдік майы. Отандық өндірушілер сұраныстың 40% ғана жабады. Қалғаны валютаға келеді.
3. Шәй мен кофе. Кофе түсінікті. Ал «Қазақстанда жасалған» шәй шынында «Қазақстанда қапталады».

Айтпақшы бензин неге арзандамайды дейсіңдер ғой. Негізі елдегі 3 зауыт бензиннің сұранысын 98% – ға қанағаттандырады. Баға түспеуін сараңдық пен қанаушылықтан басқа еш нәрсемен түсіндіре алмайды екенмін.

Сосын мұнай 6%-ға қымбаттады деп мәз болмай-ақ қойыңдар. Оптимистік жаңалық болғанымен ол небәрі 2$ ғана, бүгін бір баррель 35.6$ ғана тұрады. Ал Қазақстанның бюджеті мұнай бағасы 40$ болады деп есептелген.

 

  • орфографикасы мен стилистикасы сақталған
  • дереккөз facebook.com/kozildirik

 

Back to top button