BasNewsЖаңалықтар
Алжирде газ жарылып, 10 адам мерт болды

Алжирдің шығысындағы Бордж-Бу-Арреридж қаласында газ жарылып, кемінде 10 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметіне қарағанда, бейсенбі күні 4 қабатты ғимаратта болған. Жаралыс салдарынан 7 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 3 адам ауруханада көз жұмған. 17 адам жарақат алды.
Билік өкілдері жарылыстың неден болғанын анықтау мақсатында тергеуді бастады.