BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны төмендеп келеді

Өткен тәулікте бір күн бұрынғыға қарағанда коронавирус инфекциясына шалдыққан бір адамға кем тіркелді. Инфекция еліміздің төрт аймағында анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметпен бөлісті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 жағдайы тіркелді.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 4
Алматы қаласы – 6
Ақтөбе облысы – 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 1

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 305 292.

Оған қоса 19 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 5
Ақмола облысы – 1
Алматы облысы – 2
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 9
Павлодар облысы – 1

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 1290521.

Back to top button