BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанның үш өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Өткен тәулікте бір күн бұрынғыға қарағанда коронавирус инфекциясына шалдыққан бір адамға кем тіркелді. Инфекция еліміздің үш аймағында анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметпен бөлісті.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 жағдайы тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 315-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 2,
- Алматы қаласында – 7,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Қазақстанда 151 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 290 679 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.