BasNewsЖаңалықтар

Кейінгі тәулікте елде 12 адамнан COVID-19 анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте, 12 сәуірде 12 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ведомствоаралық комиссияның күн сайынғы мәліметінше, олардың дерттері ПТР арқылы расталып, ауырғандары белгілі болған.

«Аймақтар бойынша сараптайтын болсақ, науқастардың 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 8-і Алматы қаласының тұрғыны. 1-еуі Алматы облысының, тағы 1-еуі Қарағанды облысының азаматы.

Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны – 1 305 327», – делінген комиссияның хабарламасында.

 

Back to top button