BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында оқушы жасөспірімді қорқытып-үркітіп, атына несие тіркеткен

Зардап шегушінің атына күштеп 330 мың теңге көлемінде несие рәсімделген. Қаскөй ол ақшаны жаңа телефон сатып алуға жұмсамақшы болыпты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, 4 сәуірде полиция бөліміне 17 жасар колледж студентінің ата-анасы көмекке жүгінген. Олар бейтаныс жасөспірім ұлын қорқытып-үркітіп, атына несие тіркеткенін айтты.

Полицейлер жергілікті мектептердің бірінің 11 сынып оқушысын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Бұл баптың санкциясы айыптының мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Back to top button