BasNewsЖаңалықтар

Доллар шамамен 2 теңгеге арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 448,19 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 14 сәуірдегі ресми бағамы – 450,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 452,78 теңге, сатылым – 457,95 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 451,88 теңгеден сатып алады, 455,70 теңгеден сатады.

Back to top button