BasNewsЖаңалықтар

Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі де ұзартылған.

«Мәсімов пен Сәдіқұловты қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін, Ерғожиннің қауамда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылды», – делінген хабарламада.

Бұнымен қоса ҰҚҚ төрғасының бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы материалдар прокуратураға жіберілді.

Күдіктілер тергеу изоляторында отыр.

ҰҚК тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеп жатқанын түсіндірді:

– 366-баптың 4-бөлігі – «Пара алу»;

– 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»;

– 175-баптың 1-бөлігі – «Мемлекетке опасыздық жасау»;

– 179-баптың 3-бөлігі – «Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;

– 218-баптың 3-бөлігі – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану».

Back to top button