BasNewsЖаңалықтар
Павлодар мектебінде өрт шығып, бес оқушы ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізлід, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«15 сәуірде сағат 11-06-да № 1 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт мектептің кітап сақтау кабинетінде тұтанған. Өртің аумағы 15 шаршы метр», – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін мектептен 479 адам, оның ішінде 414 бала эвакуацияланды. Сағат 11-41-де өрт сөндірді.
Жедел жәрдем бригадасы өрт орнынан ауруханаға 5 адамды алып кетті.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.