Қазақстан «Сбермен» цифрлық үкімет құру туралы келісімнен бас тартуы мүмкін

Қазақстан ресейлік «Сбер» компаниялар тобымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу туралы келісімнен бас тартуы мүмкін. Қазір бұл платформаны қазақстандық IT-компаниялар күшімен әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазіргі геосаяси жағдайға және өзіміздің басқа да тәжірибелерді қарап, мемлекеттік органға кіретін «ҰАТ» АҚ күшімен жасаймыз. Сол платформа қазақстандық IT-компаниялар күшімен жасалынады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл аяғына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері қолданыла бастайды», – деді Жамбақин ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, жаңа платформаны толық әзірлеу және енгізу шамамен 2-3 жылға созылады.