BasNewsЖаңалықтар
Соңғы тәулікте 20 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 375 жетті.
Соңғы тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы қаласында – 9, Алматы облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Қостанай облысында -1, Павлодар облысында – 1 адам коронавирусқа шалдыққан.
Сондай-ақ 5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.