BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы құнсыздануы жалғасуда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 443,57 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 449,85 теңге.
Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,19 теңге, сату – 450,71 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 446,21 теңгеден сатып алынып, 449,06 теңгеден сатылуда.