Қырғыз-қазақ шекарасында 300-ден астам жүк көлігі тұрып қалды

Қырғызстан-Қазақстан шекарасында 300-ден астам жүк көлігі тізіліп тұр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қырғызстан шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Ақ тілек-автожол» өткізу пунктінің аумағында шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 300-ге жуық жүк көлігі тұр, 25-ке жуық машина жетіспейтін құжаттарды күтіп тұр», – деп хабарлады шекара қызметінен.
Олардың мәліметінше, «Чалдыбар-автожол» БӨП-де 70-тен астам жүк көлігінің тізілгені байқалады.
«Кезек жиналуы Қазақстан тарапының көлікті баяу өткізуіне байланысты. Бұл ретте Қазақстан тарапы бір жақты тәртіппен көлік құралдарын өткізуді белгілі мерзімде жүргізеді. Бүгін сағат 03:30-дан 07:30-ға дейін жүк көлік құралдарын өткізу жүзеге асырылған жоқ», – деп атап өтті шекара қызметінен.
Басқа өткізу пунктерінде кезек жоқ. Қырғыз тарапынан жүк тасымалдаушылар үшін шекаралық бақылаудан өту кезінде шектеулер жоқ.