BasNewsЖаңалықтар
Ағасы басынан тепкен: Маңғыстауда нәрестеге ауыр ота жасалды

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық сәбидің бас сүйегіне операция жасалды. 4 жасар бала сәбидің басынан теуіп, бас сүйегін деформациялаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Азамат Сәрсембаев Instagram-да жазды. Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында алты айлық сәби бас-сүйек зақымымен ауруханаға жеткізілген.
Ата-анасының айтуынша, 4 жасар ағасы абайсызда баланың басынан тепкен.
«Сәбиге сол сәтте операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойық қалпына келтіріліп, осылайша сәбидің де жағдайы тұрақталды», – деп хабарлады Сәрсенбаев.
Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа.