BasNewsЖаңалықтар

Алматыда көлік аударылып қалды

Алматыда Kia K5 жүргізушісі кәріз құдығына кіріп, кейін аударылып кетіп, темір қоршауға соғылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«21 сәуір күні сағат 22:30 шамасында Kia K5 көлігін тізгіндеген жүргізуші көше бойымен келе жатқан. Сайын мен Мұстафина көшесінің қиылысында төртбұрышты люкке түсіп кетіп, аударылып қалған. Кейін металл қоршауымен соқтығысқан», – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушылар зардап шекті.

«Материалды өндіріске Бостандық ауданы унитарлық кәсіпорнының қызметкерлері қабылдады», – деді Алматы қалалық ІІД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Back to top button