BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісі есінен танып қалған

Шымкентте ара шағып алған автобус жүргізушісі есінен танып қалды. Оқыс оқиға Тұрар Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Түркістан транспорттық компаниясына қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге (бордюр) соғысқан.
«Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізуші өзін жабайы ара шағып алғаннан кейін жайсыз сезінгенін анықтады, салдарынан ол рөлді жолдың шетіне қарай бұрған, бірақ автобус тротуарға бір-ақ шыққан», – деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.