BasNewsЖаңалықтар

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 6 наурызда Дорристің жағдайы нашарлаған. Алайда вирус жұқтырғаны 10 наурызда расталған.

Министрдің орынбасары 84 жастағы анасына уайымдап жатқанын айтады. Қазір анасы да жөтеле бастапты. Надин Доррис Twitter желісіндегі парақшасында барлығына алғыс айтып, оқырмандарына күніне бірнеше рет қол жууға кеңес берді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button