BasNewsЖаңалықтар

Алматыда бір жастағы бала көлік астына түсіп мерт болды

Алматыда Алатау ауданында жеке үйдің ауласында бір жастағы баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Delica» көлігінің жүргізушісінің айтуынша, ауладан шығып бара жатқан нәрестені байқамай, бар жылдамдығымен оны басып өткен.

2021 жылы туған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, сот-медициналық сарапшылар мен тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Back to top button