BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 5 өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Кейінгі тәулікте бес өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жалпы, кейінгі тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 473-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
- Алматы қаласында – 4,
- Алматы облысында – 1,
- Шығыс Қазақстан облысында – 1,
- Павлодар облысында – 1.
Сонымен қатар, 12 адам коронавирустан айығып шықты.
Елімізде барлығы 1 291 009 адам COVID-19-дан айығып шықты.