BasNewsЖаңалықтар

Қарағандылықтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өту мүмкіндігі беріледі

Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы ұзақтығы 6 айға дейінгі қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға өтінімдер қабылдайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар алу үшін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқу орталықтарында оқыту.

Сондай-ақ, медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек және 21 747 теңге мөлшерінде стипендия төленеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) білімі туралы құжат (бар болса);

3) еңбек кітапшасы (бар болса);

4) 20 таңбалы шот туралы банктік анықтама;

5) 086-У медициналық анықтамасы.

Барлық сұрақтар бойынша 996-393, WhatsApp (8-775) 644-35-80 нөміріне, сондай-ақ Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайына хабарласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button