BasNewsЖаңалықтар
Қостанай облысында белгісіз біреу мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, зорламақ болған

Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам әйелдің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған. Бұл туралы жәбірленуші айтып берген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы – 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуыл қай ауданда болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған. Сотта мұғалім оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берген.
Сотталушының ісі ҚР ҚК-ның 149, 107, 120-баптарының 1-бөлімдері – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықта ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жолданған. Соңғы бап бойынша ер адам кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші болса одан әрең құтылғанын айтқан.
Сот процесі жалғасып жатыр. Іс 12 мамырға шегерілді.