BasNewsЖаңалықтар

Елорда тұрғыны қызына желіде тіл тигізгендерден 2 миллион теңге өндіріп алды

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотында әйел жасөспірім кибербуллингі дерегі бойынша моральдық өтемақы өндірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2021 жылдың қыркүйегінде жауап беруші азаматтың ұлы бұрынғы сыныптастардың мессенджердегі чатында әйел мен оның қызына қатысты намысқа тиетін хабарлама жазған. Кейін қыздың анасы сотқа жүгініп, 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап еткен. Себебі қызы хабарламадан кейін екі ай бойы күйзеліске түсіп, психологтің көмегін алуға тура келген.

Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысы бойынша тіл тигізген жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған ұлына тиісті тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Back to top button