BasNewsЖаңалықтар
Қаңтар оқиғасында залал келтірілген көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қала баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне келтірілген шығын өтеледі. Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар”, – деп жазылған хабарламада.
Өтініштерді аудандық әкімдіктер қарайды. Бұған түскен күннен бастап 1 ай уақыт белгіленген. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 тәулікте белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.