BasNewsЖаңалықтар

Талдықорғандағы арнайы операция: Есірткінің ірі мөлшері, қару-жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленді

Талдықорғанда полицейлер арнайы операция жүргізіп, оның барысында 31 жастағы ер адамды ұстады. Одан синтетикалық есірткіден бөлек, қару-жарақ пен оқ-дәрі арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам Восточный шағынауданында мефедронның (синтетикалық есірткі) бірнеше дозасын сату кезінде ұсталған. Күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде қосымша 80 грамм есірткі заты тәркіленген. Бұл – «синтетиканың» шамамен 8 мың дозасы.

Сондай-ақ, ұсталған ер адамның үйінен калибрі 5,6 миллиметр ТОЗ-8 ұңғылы шолақ мылтық, 16-калибрлі ИЖ-К шолақ мылтық және 20-дан аса оқ-дәрі табылды. Қару тіркелмеген және арнайы нөмірі жоқ болып шықты.

«Күдікті  есірткіні Интернет арқылы да сатқаны анықталды. Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі сату және сақтау дерегі бойынша қылмыстық заңның екі бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Қазыбек Мұхамедов.

Back to top button