BasNewsЖаңалықтар

Теміртауда ер адам балаларды тонап кеткен

Теміртауда ер адам бірнеше рет сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, шкафтардағы балалардың жеке заттарын ұрлаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полицияға 14 жастағы егіз ұлдардың анасы хабарласқан. Әйел белгісіз біреудің балалары баратын сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінен олардың заттары мен спорттық құрал-жабдықтарын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатыстылығын анықтады. Олардың барлығы осы сауықтыру орталығында жасалған. Сонымен, ол 6 сәуірде бірінші сынып оқушысының құны 129 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ол кезде қыз бассейнде жаттығып жүрген», – деді полиция.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button