BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ұрыс жағдайына барынша жақындатыла отырып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығу 29 сәуір күні сағат 08.00-14.00 аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

“Іс-шара мақсаты шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған.

Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», – деді Терроризмге қарсы шұғыл штаб өкілдері.

Back to top button