BasNewsЖаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында үй өртеніп, төрт адам қайтыс болды

Сәуірдің 29-ына қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Салдарынан төрт адам мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Өрт туралы хабарлама кезекші пультіне түнгі сағат үште түскен.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті ауыл ең жақын өрт сөндіру бекетінен 53 шақырым жерде орналасқанын атап өтті.

В результате пожара частный дом полностью разрушен - Sputnik Казахстан, 1920, 29.04.2022

«Өрт сөндірушілер келгенде үй жанып жатты. Олар келгенше ауыл тұрғындары әйел адамның денесін тауып, сыртқа шығарып үлгерген. Өртті сөндіру кезінде тағы үш ер адамның: үй иесі мен оның қонақтары мәйіті табылды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер сыртқа бір газ баллонын шығарды.

В ликвидации пожара задействованы 4 единицы техники и 14 человек личного состава пожарных подразделений, ДПФ и местного населения - Sputnik Казахстан, 1920, 29.04.2022

Өрт сағат 05.40-та сөндірілді. Өрт салдарынан үй толығымен жанып кетті. Өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілерінің айтуынша, марқұмдар ішімдікке әуес болған.

Back to top button