BasNewsЖаңалықтар

Атырауда балық тағы қырылды

Атырауда балықтардың қырылғаны туралы бейнежазба жария болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Желіде кеңінен таралған бейнежазбада өзен жағасында ірі көлемде балықтардың қырылып қалғаны байқалады. Таспаға түсірген тұрғын оған дейін балықшыларға аулауға рұқсат берілмегені туралы айтады.

Өзен жағасын тұтас алып жатқан өлі балықтардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Өңірдегі жауапты тарап осыған қатысты пікір білдіріп, анықтау жұмыстары басталғанын айтты.

Қазір арнайы комиссия құрылып, ол оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Комиссия құрамында облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері бар.

«Балықтың жаппай қырылуы шамамен Махамбет ауданындағы су айдынындарының бірінде болды деген болжам бар. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», — деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Back to top button