BasNewsЖаңалықтар

Ақтау маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Ақтау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Баянды кентінде қоқыс полигоны өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  «Ладаға» сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнында 8 бірлік техника бар. Мамандар өртті сөндіру үшін құмды қолдануда. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы – 300 шаршы метр.

Бұл қоқыс полигоны жиі өртенеді, соңғысы шамамен 2 апта бұрын болған.

Back to top button