BasNewsЖаңалықтар

$55 мың: Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасағандарға үкім шықты

Нұр-Сұлтанда жалған ақша дайындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шығып, олар бес жылға шартты түрде сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Айыпталушылар жасанды долларды ақша айырбастау орындарында ауыстырып, шетелдік валютаны жеке тұлғаларға сатып келген.

Сондай-ақ букмекерлік кеңсе мен банктердегі есепшотты толтырып отырғаны белгілі болды.

Тінту барысында сотталған азаматтардан жақсы сапада дайындалған 55 мың жасанды АҚШ доллары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының 2 аудандық соты оларды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Back to top button