BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда тас жолда жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты

Павлодар ауданы Шақат ауылының маңындағы Шақат – Восточный – Шалдай тас жолының екінші шақырымында ауыр жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«24 жастағы жүргізушісі тізгіндеген ВАЗ-2110 көлігі ГАЗ-53-пен соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің 1987 және 1978 жылдарғы жолаушылары оқиға орнында қаза тапты, 1969 жылғы жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сараптама тағайындалды.

https://www.instagram.com/p/Cc9s_wFt1Zp/?utm_source=ig_web_copy_link

Back to top button