BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 12 жастағы қызды көлік қағып кеткен

30 сәуір күні Алматының Жандосов көшесінде оқушы қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде солтүстік бағытта жолды кесіп өтіп бара жатқанда жол апаты болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша Әуезов ауданы ПП тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алматы қалалық анықтау полиция департаментінің басшысы Олжас Шәріпов.

Back to top button