BasNewsЖаңалықтар

Павлодардағы колонияда сотталушы аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған

Павлодардағы колониядағы сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Сонымен қатар, ер адам ел президентіне видеоүндеу жасап, колониядағы қызметкерлерге шағымданған. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Видеодағы ер адам өзін Тустам Сагитов деп таныстырады. Ол қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін айтты. Ер адам аштық жариялап, 12 сәуірден бері тамақ ішпеген.

Сонымен қатар, видеода ер адам көзін, аузы мен құлағын тігіп тастағаны көрсетілген. Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті пікір білдірді.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған. Видеоүндеу бойынша қажет тексеріс жұмыстары басталған.

Back to top button