BasNewsЖаңалықтар

Семейде оқушы батып бара жатқан сыныптасын құтқарып қалды

1 мамыр күні Әуезов полиция басқармасының кезекші бөліміне кәмелетке толмаған баланың суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Arnapress сайтына сілтеме жасап.

Абырой болғанда, бұл ақпарат расталмады. Оқушының сыныптасы қайғылы жағдайдың алдын алды.

«11 жастағы оқушыға бірге оқитын сыныптасы Руслан Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды», — деп мәлімдеді Семей қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі.

Фото: пресс-служба УП Семея

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция жасөспірімді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Back to top button