BasNewsЖаңалықтар

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды

Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық желілерде таралып жатқан видеоға байланысты келесіні хабарлайды:

2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды»,- деп жазылған хабарламада.

Back to top button