BasNewsЖаңалықтар

Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 4 жасар бала құлап кетті

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің балконынан 4 жасар бала құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті.

Back to top button